Тобрекс в каплях — инструкция по применению

Инструкция по применению тобрекса в каплях, описание действия препарата, показания к применению капель тобрекса, взаимодействие с другими лекарствами, применение тобрекса (капли) при беременности. Инструкции: Тобрекс в мази;
Торговое название: Тобрекс
Международное название: Тобрамицин
Лекарственная форма: Капли глазные 0,3 %, 5 мл
Показания к применению:
Атс классификация:
S Средства, действующие на органы чувств
S01 Средства, применяемые в офтальмологии
S01A Противомикробные средства
S01A A Антибиотики
Фарм. группа:
Препараты для лечения заболеваний глаз. Противомикробные препараты. Антибиотики. Тобрамицин. Код АТХ S01АА12
Условия хранения:
Хранить при температуре от 8 °С до 30 °С. Хранить недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не применять по истечении срока годности. Период применения после вскрытия флакона – 4 недели.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Прозрачный раствор от бесцветного до светло-желтого или коричневого цвета раствор.

Состав тобрекса в каплях

1 мл препарата содержит
1 мл препараттың құрамында

Активное вещество тобрекса

тобрамицин 3,0 мг
3,0 мг тобрамицин

Вспомогательные вещества в тобрексе

кислота борная, натрия сульфат безводный, натрия хлорид, тилоксапол, бензалкония хлорид, натрия гидроксид и/или кислота серная (для коррекции рН), вода очищенная
бор қышқылы, сусыз натрий сульфаты, натрий хлориді, тилоксапол, бензалконий хлориді, натрий гидроксиді және/немесе күкірт қышқылы (рН түзету үшін), тазартылған су

Показания к применению капель тобрекса

Препарат Тобрекс капли глазные показан для лечения наружных заболеваний глаз и прилежащих органов, вызванных восприимчивыми к препарату бактериями:
  • блефарит
  • конъюнктивит
  • кератоконъюнктивит
  • блефароконъюнктивит
  • кератит
  • иридоциклит
Профилактика послеоперационных инфекционных осложнений в офтальмологии.
Тобрекс көз тамшы дәрісі препараты көздің сыртқы ауруларын және іргелес жатқан мүшелердің препаратқа сезімтал бактериялардан туындаған ауруларын емдеу үшін қолданылады:
  • блефарит
  • конъюнктивит
  • кератоконъюнктивит
  • блефароконъюнктивит
  • кератит
  • иридоциклит
Офтальмологияда операциядан кейінгі жұқпалы асқынулардың алдын алуға.

Противопоказания тобрекса в каплях

  • повышенная чувствительность к тобрамицину или к любому другому компоненту препарата
  • детский возраст до 8 лет
  • тобрамицинге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық
  • 8 жасқа дейінгі балалар

Побочные действия капель тобрекса

Местные

Часто:
  • аллергия глаза
  • зуд глаза
  • аллергия века
  • отек века
  • гиперемия глаза
  • увеличение слезоточивости
Не часто
  • эритема века
  • выделения из глаз
  • нарушения со стороны век
  • отек конъюнктивы
  • дикомфорт глаза
  • раздражение глаза
Частота и серьезность следующих побочных реакций не может быть определена по причине недостаточности данных: кератит, боль в глазу, ощущение инородного тела в глазу, неясность зрения.

Системные
Частота, выявленных системных побочных реакций не может быть определена по причине недостаточности данных:
  • сыпь
  • уртикария
  • эритема
  • ощущение
  • жара
  • гиперчувствительность
Жергілікті

Жиі:
  • көз аллергиясы
  • көздің қышуы
  • қабақтың аллергиясы
  • қабақтың ісінуі
  • көз гиперемиясы
  • көз жасының ұлғаюы
Жиі емес
  • қабақтың эритемасы
  • көзден бөліндінің бөлініп шығуы
  • қабақ тарапынан бұзылулар
  • конъюнктива ісінуі
  • көздің жайсыздануы
  • көздің тітіркенуі
Келесі жағымсыз реакциялардың жиілігі және ауырлығы деректердің жеткіліксіздігі себебінен анықталуы мүмкін емес: кератит, көздің ауыруы, көзде бөгде затты сезіну, көрудің көмескіленуі.

Жүйелік
Байқалған мына жүйелік жағымсыз реакциялардың жиілігі деректердің жеткіліксіздігі себебінен анықталуы мүмкін емес:
  • бөртпе
  • уртикария
  • эритема
  • ыстықты сезіну
  • асқын сезімталдық

Особые указания к применению

Только для применения в глаза. Не для инъекций или приема внутрь. Чувствительность к местному применению аминогликозидов может вызвать у некоторых пациентов зуд, отек и эритему конъюнктивы. Если наблюдается повышенная чувствительность к препарату Тобрекс капли глазные, применение следует прекратить. Возможна перекрестная чувствительность с другими аминогликозилами. В случае развития повышенной чувствительности во время использования данного препарата, лечение должно быть прекращено и использован другой препарат для лечения.

При местном применении препарата Тобрекс капли глазные совместно с системными антибиотиками-аминогликозидами, необходимо контролировать их общую концентрацию в плазме. Как и в случае с другими препаратами-антибиотиками, длительное применение может привести к усиленному росту невосприимчивых организмов, в том числе, грибов. В случае возникновения суперинфекции следует начать соответствующее лечение.

Беременность
Данные по применению препарата Тобрекс капли глазные у беременных женщин отсутствуют или очень ограничены. Исследования перорального и парентерального применения аминогликозидов (включая тобрамицин) у беременных женщин показали незначительный риск для плода. Тем не менее, аминогликозиды проникают через плаценту и поэтому следует учитывать эффекты на плод и новорожденного при применении данного препарата у беременных женщин. Несмотря на то, что нет обобщающих данных о том, что аминогликозиды являются тератогенными, ототоксичными или нефротоксичными для плода, следует принимать во внимание, что данные эффекты возможны. Вследствие этого, препарат Тобрекс капли глазные не рекомендуется применять во время беременности и препарат должен назначаться только в тех случаях, когда эффективность лечения значительно превышает возможный риск для плода.

Лактация
Риск влияния на ребенка при местном применении препарата незначителен, но не может быть исключен. Это следует учитывать при назначении препарата Тобрекс капли глазные кормящим матерям. Так как множество лекарственных средств выделяется в молоко, следует принять решение прекратить ли грудное вскармливание или прекратить/воздержаться от лечения препаратом Тобрекс капли глазные принимая во внимание преимущества от грудного вскармливания для ребунка и преимущества от лечения для женщины.

Контактные линзы
Так как препарат Тобрекс капли глазные содержит хлорид бензалкония, который может абсорбироваться на контактных линзах, обесцветить их или вызвать раздражение в глазу, следует воздержаться от ношения жестких или мягких (гидрофильных) контактных линз, либо удалять их во время закапывания. Линзы можно носить в перерывах между применением препарата и вставлять не ранее чем через 15 минут после закапывания. Ношение контактных линз не рекомендуется во время лечения инфекци глаза. Поэтому пациентам рекомендуется воздержаться от ношения контактных линз во время лечения данным препаратом.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Как и в случае с другими глазными каплями, после закапывания возможна временная неясность зрения или другие визуальные беспокойства, что может негативно повлиять на способность управлять автомобилем или другими потенциально опасными механизмами. В этом случае необходимо подождать некоторое время до восстановления зрения.
Көзге қолдануға ғана арналған. Инъекцияға немесе ішке қабылдауға арналмаған. Аминогликозидтерді жергілікті қолдануға сезімталдық кейбір емделушілерде конъюнктива қышынуын, ісінуін және эритемасын туындатуы мүмкін. Егер Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратына жоғары сезімталдық байқалса, қолдануды тоқтатқан жөн. Басқа аминогликозидтермен бірге айқаспалы сезімталдық болуы мүмкін. Осы препаратты пайдалану кезінде жоғары сезімталдық пайда болған жағдайда емдеу тоқтатылуы және емдеу үшін басқа препарат пайдаланылуы керек.

Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратын жүйелік антибиотиктермен-аминогликозидтермен бірге жергілікті қолданғанда, олардың плазмадағы жалпы концентрациясын қадағалау қажет. Басқа антибиотик препараты жағдайы сияқты, ұзақ қолдану сезімтал емес организмдердің, соның ішінде саңырауқұлақтардың өсуінің күшеюіне әкеп соғуы мүмкін. Асқынжұқпа пайда болған жағдайда тиісті емді бастаған жөн.

Жүктілік
Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратын жүкті әйелдерге қолдану жөнінде деректер жоқ немесе тым шектеулі. Жүкті әйелдерге аминогликозидтерді (тобрамицинді қоса есептегенде) пероральді және парентеральді түрде қолдануға жүргізілген зерттеулер ұрық үшін аздаған қауіптің бар екендігін көрсетті. Дегенмен, аминогликозидтер плацента арқылы өтеді, сондықтан осы препаратты жүкті әйелдерге қолданғанда, оның ұрыққа және жаңа туған нәрестелерге тигізетін әсерлерін ескерген жөн. Аминогликозидтердің ұрық үшін тератогенді, отоуытты немесе нефроуытты болып табылатындығы жөнінде қорытынды деректер жоқ екендігіне қарамастан, осы әсерлердің болуы мүмкін екендігіне көңіл бөлген жөн. Осының салдарынан, Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратын жүктілік кезінде қолдануға болмайды және препарат емдеудің тиімділігі ұрық үшін қауіптен едәуір басым болған жағдайларда ғана тағайындалуы тиіс.

Лактация
Препаратты жергілікті қолданғанда нәрестеге әсер ету қаупі мардымсыз, бірақ жоқ болуы мүмкін емес. Мұны Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратын бала емізетін әйелдерге тағайындағанда ескерген жөн. Көптеген дәрілік заттар сүтке бөлініп шығатын болғандықтан, емшек емізудің нәресте үшін артықшылығына және емдеудің әйел үшін артықшылығына көңіл бөле отырып, емшек емізуді тоқтату-тоқтатпау немесе Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратын тоқтату/тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдаған жөн.

Жанаспалы линзалар
Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратының құрамында жанаспалы линзаларға сіңуі, оларды түссіздендіруі немесе көзді тітіркендіруі мүмкін бензалконий хлориді бар болғандықтан, қатты немесе жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзаларды кимеген, я болмаса тамызу кезінде оларды алып тастаған жөн. Линзаларды препаратты қолдану арасындағы үзілістерде киюге болады және тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минуттан соң қайта орналастырған жөн. Көз жұқпаларын емдеу кезінде жанаспалы линзаларды киюге болмайды. Сондықтан емделушілер осы препаратпен емделу кезінде жанаспалы линзаларды киюді қоя тұруы керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Тамызғаннан кейін, басқа да көз тамшы дәрілеріндегі жағдай сияқты, көру уақытша көмескіленуі немесе көздің көруінде басқа да мазасыздықтар туындауы мүмкін, бұл автомобильді немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда көру қалпына келгенше біршама уақыт күте тұру қажет.

Дозировка и способ применения

  • При вялотекущих заболеваниях закапывать 1-2 капли в конъюнктивальный мешок пораженного глаза (глаз) каждые 4 часа.
  • При острых инфекционных заболеваниях по 1-2 капли в конъюнктивальный мешок пораженного глаза (глаз) каждый час до улучшения симптомов, после чего постепенно уменьшают дозу до полного прекращения приема.
Обычный курс лечения составляет 7-10 дней. После закапывания рекомендуется прижать носослезный канал или осторожно прикрыть веки. Это снижает системное всасывание лекарственного препарата и служит профилактикой развития неблагоприятных системных реакций. Не следует прикасаться кончиком пипетки к глазам, или любой другой поверхности, чтобы избежать загрязнения содержимого флакона. В случае совместной терапии с другими местными офтальмологическими лекарственными препаратами, следует соблюсти интервал между приемом препаратов около 10-15 минут.

Педиатрия
Применение препарата Тобрекс капли глазные у детей старше 8 лет с конъюнктивитом, также эффективно и безопасно, как и при использовании препарата у взрослых и может назначаться в такой же дозе как для взрослых пациентов. Курс лечения составляет 7 дней.
  • Жеңіл-желпі өтетін ауруларда зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивальді қалтасына әрбір 4 сағат сайын 1-2 тамшыдан тамызу керек.
  • Жедел жұқпалы ауруларда зақымданған көздің (көздердің) конъюнктивальді қалтасына, симптомдар жақсарғанша, әрбір сағат сайын 1-2 тамшыдан, содан кейін дозаны түгел қабылдап болғанға дейін біртіндеп азайтады.
Әдеттегі емдеу курсы – 7-10 күн. Тамызғаннан кейін мұрын-көз жасы өзекшесін басу немесе қабақты абайлап жабу керек. Бұл дәрілік препараттың жүйелік сіңуін төмендетеді және жағымсыз жүйелік реакциялардың пайда болуының алдын алады. Құтының ішіндегі заттың ластануына жол бермеу үшін тамшуырдың ұшын, көзге, немесе кез келген нәрсеге тигізіп алмаған жөн. Жергілікті басқа офтальмологиялық дәрілік заттармен бірге емдеген жағдайда, препараттарды қабылдау арасындағы 10-15 минутқа жуық аралықты сақтаған жөн.

Педиатрия
Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратын конъюнктивиті бар 8 жастан асқан балаларға қолдану, препаратты ересектерге пайдаланған кездегідей, тиімді әрі қауіпсіз және ересек емделушілерге арналған дозада тағайындалуы мүмкін. Емделу курсы – 7 күн.

Взаимодействие с лекарствами

Специальные исследования лекарственного взаимодействия для препарата Тобрекс капли глазные не проводилось. Взаимодействия с тобрамицином отмечались после системного применения. Однако, системная абсорбция после местного применения очень мала и риск каких-либо воздействий минимален.

Совместное и/или последовательное применение препарата-аминогликозида Тобрекс капли глазные и другого системного, перорального или местного препарата, имеющего невротоксическое, ототоксическое или нефротоксическое действие может привести к дополнительной токсичности и по возможности должно быть исключено.

При использовании комбинации препарата Тобрекс капли глазные и местных кортикостероидов, последние могут маскировать клинические признаки бактериальной, грибковой или вирусной инфекции или могут подавить реакции гиперчувствительности.
Тобрекс көз тамшы дәрісі препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесуіне қатысты арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Тобрамицинмен өзара әрекеттесу жүйелік қолданудан кейін білінді. Алайда, жергілікті қолданудан кейінгі жүйелік сіңуі өте аз және қандай да болсын әсер ету қаупі барынша төмен.

Тобрекс көз тамшы дәрісі аминогликозид-препаратын және невроуытты, отоуытты немесе нефроуытты әсері бар басқа да жүйелік, пероральді немесе жергілікті препараттарды біріктіріп және/немесе бірінен кейін бірін қолдану қосымша уыттылыққа әкеп соғуы мүмкін және, мүмкіндігінше, оларды жою керек.

Тобрекс көз тамшы дәрісі препараты мен жергілікті кортикостероидтарды біріктіріп пайдаланғанда, соңғылары бактериялық, зеңдік немесе вирустық жұқпалардың клиникалық белгілерін бүркемелуі немесе асқын сезімталдық реакцияларын басуы мүмкін.

Передозировка тобрексом в каплях

Клинически подтвержденные признаки и симптомы передозировки препаратом Тобрекс капли глазные (точечный кератит, эритема, повышенное слезотечение, зуд и отек века) сходны с побочными реакциями, наблюдаемыми у некоторых пациентов. При местном применении передозировка маловероятна.

Лечение: следует промыть глаза обильным количеством теплой воды.
Тобрекс көз тамшы дәрісі препаратының артық дозалануының клиникалық тұрғыдан айғақталған белгілері және симптомдары (нүктелі кератит, эритема, көз жасы ағуының ұлғаюы, қабақтың қышуы және ісінуі) кейбір емделушілерде байқалатын жағымсыз реакцияларға ұқсас. Жергілікті қолданғанда артық дозаланудың болуы екіталай.

Емдеу: көзді жылы судың мол мөлшерімен шайған жөн.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Системное всасывание тобрамицина незначительно при местном применении препарата Тобрекс капли глазные. Тобрамицин выделяется быстро и экстенсивно в мочу путем гломерулярной фильтрации, в основном как неизмененное лекарство. Т1/2 из плазмы примерно 2 часа с клиренсом 0,04 л/час/кг и объемом распределения 0,26 л/кг. Связывание протеинов плазмы тобрамицином менее чем 10%.
Тобрекс көз тамшы дәрісін жергілікті қолданған кезде тобрамициннің жүйелік сіңуі мардымсыз. Тобрамицин гломерулярлы сүзілу жолымен несепке тез және экстенсивті, негізінен өзгермеген дәрі түрінде бөлініп шығады. Плазмадан 0,04 л/сағ/кг клиренсімен және 0,26 л/кг таралу көлемімен Т1/2 шамамен – 2 сағат. Плазма протеиндерінің тобрамицинмен байланысуы – 10%-дан төмен.

Фармакодинамика

Тобрамицин это антибиотик широкого спектра действия из группы аминогликозидов. В низких концентрациях действует бактериостатически (блокирует 30S субъединицу рибосом и нарушает синтез белка), а в более высоких – бактерицидно, нарушая функцию цитоплазмических мембран и вызывая гибель микробной клетки.

Высокоактивен в отношении следующих восприимчивых штаммов (помечены звездочкой):

Чувствительные виды. Аэробные грамм-положительные микроорганизмы: Corynebacterium*, Staphylococcus aureus* (methicillin-чувствительные), Staphylococci коагулаза-отрицательные* (methicillin-чувствительные), Аэробные грамм-отрицательные микроорганизмы: Разновидности Acinetobacter*, Escherichia coli*, Haemophilus influenzae*, Разновидности Klebsiella*, Разновидности Moraxella, Morganella morganii*, Pseudomonas aeruginosa*.

Устойчивые виды. Аэробные грамм-положительные микроорганизмы: Staphylococcus* (methicillin-устойчивыеа), Streptococcus pneumoniae*, Разновидности Streptococcus*.
Тобрамицин – бұл аминогликозидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең антибиотик. Төмен концентрацияларда бактериостатикалық әсер етеді (рибосоманың 30S суббірлігін бөгейді және ақуыздың синтезін бұзады), ал тым жоғары концентрацияларда – бактерицидті, цитоплазмалық жарғақшалардың қызметін бұзады және микроб жасушасын жояды.

Келесі сезімтал штаммдарға қатысты белсенділігі жоғары (жұлдызшамен белгіленген):

Сезімтал түрлері. Аэробтық грамм-оң микроорганизмдер: Corynebacterium*, Staphylococcus aureus* (methicillin-сезімтал), Staphylococci коагулаза-теріс* (methicillin-сезімтал), Аэробтық грамм-теріс микроорганизмдер: Acinetobacter* алуан түрлері, Escherichia coli*, Haemophilus influenzae*, Klebsiella* алуан түрлері, Moraxella алуан түрлері, Morganella morganii*, Pseudomonas aeruginosa*.

Тұрақты түрлері. Аэробтық грамм-оң микроорганизмдер: Staphylococcus* (methicillin-тұрақтыа), Streptococcus pneumoniae*, Streptococcus* алуан түрлері.

Упаковка и форма выпуска

По 5 мл препарата во флаконы системы Drop-Tainer® из полиэтилена низкой плотности, укупоренные капельницей и навинчиваемой крышкой из полипропилена с контролем первого вскрытия. По 1 флакону вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в картонную пачку.
Тамызғышпен және алғаш ашылғанын бақылайтын бұралатын полипропилен қақпақпен тығындалған, тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған Drop-Tainer® жүйесіндегі құтыларда препарат 5 мл-ден. 1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.