Тобрекс в мази — инструкция по применению

Инструкция по применению тобрекса в мази, описание действия препарата, показания к применению мази тобрекса, взаимодействие с другими лекарствами, применение тобрекса (мазь) при беременности. Инструкции: Тобрекс в каплях;
Торговое название: Тобрекс®
Международное название: Тобрамицин
Лекарственная форма: Мазь офтальмологическая, 3,5 г
Показания к применению:
Атс классификация:
S Средства, действующие на органы чувств
S01 Средства, применяемые в офтальмологии
S01A Противомикробные средства
S01A A Антибиотики
Фарм. группа:
Препараты для лечения заболеваний глаз. Противомикробные препараты. Антибиотики. Тобрамицин. Код АТХ S01АА12
Условия хранения:
Хранить при температуре от 8 °С до 30 °С. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
2 года. Период применения после вскрытия тубы – 4 недели.
Условия продажи: По рецепту
Описание: Однородная мазь белого или почти белого цвета.

Состав тобрекса в мази

1 г препарата содержит
1 г препараттың құрамында

Активное вещество тобрекса

тобрамицин 3,0 мг
3,0 мг тобрамицин

Вспомогательные вещества в тобрексе

хлорбутанол безводный, парафин жидкий (минеральное масло), вазелин белый
сусыз хлорбутанол, сұйық парафин (минералды май), ақ вазелин

Показания к применению мази тобрекса

Инфекции глаза и его придатков:
  • блефарит
  • конъюнктивит
  • кератоконъюнктивит
  • блефароконъюнктивит
  • кератит
  • иридоциклит
Профилактика послеоперационных инфекционных осложнений в офтальмологии.
Көз бен оның қосалқыларының жұқпаларында:
  • блефаритте
  • конъюнктивитте
  • кератоконъюнктивитте
  • блефароконъюнктивитте
  • кератитте
  • иридоциклитте
Офтальмологиядағы операциядан кейінгі жұқпалы асқынулардың алдын алуда.

Противопоказания тобрекса в мази

Повышенная чувствительность к любому компоненту препарата.
Препараттың кез-келген компонентіне жоғары сезімталдық.

Побочные действия мази тобрекса

Местные

Часто (>1/100):
  • зуд глаза, гиперемия глаза, слезоточивость
Редко (1/10 000 – 1/1000):
  • аллергические реакции глаза
  • выделения из глаз, дискомфорт в глазу
  • отек конъюнктивы, отек века, эритема века, нарушения со стороны века
Жергілікті

Жиі
(>1/100):
  • көздің қышуы, көз гиперемиясы, жас парлау
Сирек (1/10 000 – 1/1000):
  • көздің аллергиялық реакциялары
  • көзден шығатын бөліністер, көздегі жайсыздық
  • конъюнктиваның ісінуі, қабақтың ісінуі, қабақ эритемасы, қабақ тарапынан болатын бұзылулар

Особые указания к применению

Только для местного офтальмологического применения. Возможны проявления повышенной чувствительности к местно применяемым аминогликозидам. При появлении признаков повышенной чувствительности, применение препарата следует прекратить. Как и в случае с другими препаратами-антибиотиками, длительное применение может привести к усиленному росту невосприимчивых организмов, в том числе, грибков. При появлении признаков суперинфекции, следует начать соответствующую терапию.

Беременность и период лактации
Офтальмологическую мазь Тобрекс® рекомендуется назначать беременным женщинам только в случае крайней необходимости, когда эффективность лечения оправдывает потенциальный риск для плода. Системная абсорбция при местном офтальмологическом применении низкая, риск признан незначительным. На период кормления грудью следует прекратить применение офтальмологическую мазь Тобрекс® при применении высоких доз или продолжительного лечения.

Контактные линзы
Ношение контактных линз не рекомендуется во время лечения офтальмологической мазью Тобрекс®.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
После нанесения мази возможны временная неясность зрения или другие визуальные беспокойства, что может негативно повлиять на способность управлять автомобилем или другими потенциально опасными механизмами. В этом случае пациент должен подождать до восстановления ясности видения, прежде чем управлять автомобилем или использовать механизмы.
Ттек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған. Жергілікті қолданылатын аминогликозидтерге жоғары сезімталдық көрініс беруі мүмкін. Жоғары сезімталдық белгілері пайда болса, препаратты қолдануды тоқтату керек. Басқа антибиотик препараттармен жағдайдағы сияқты, ұзақ уақыт қолдану сезімтал емес организмдердің, соның ішінде зеңдердің өсіп көбеюіне алып келуі мүмкін. Асқын жұқпа белгілері пайда болса, тиісті емдеуді бастау керек.

Жүктілік және лактация кезеңі
Тобрекс® офтальмологиялық жақпамайын жүкті әйелдерге тек аса қажет болған, емдеудің тиімділігі ұрық үшін ықтимал қаупін ақтай алатын жағдайда ғана тағайындау керек. Жергілікті офтальмологиялық қолданылуында жүйелі сіңірілуі төмен, қаупі аз деп танылған. Жоғары дозалары немесе ұзақ уақыт бойы қолданылып жүрсе, бала емізу кезінде Тобрекс® офтальмологиялық жақпамайын қолдануды тоқтату керек.

Жанаспалы линзалар
Тобрекс® офтальмологиялық жақпамайымен емдеу кезінде жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Жақпамайды жаққаннан кейін көру уақытша анық болмауы немесе басқа да визуальді мазасыздықтар болуы мүмкін, бұл автокөлік немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда емделуші автокөлікті басқармас бұрын немесе механизмдерді пайдаланбас бұрын көру анықтығы қалпына келгенше күте тұруы тиіс.

Дозировка и способ применения

  • При слабых и средней силы инфекционных заболеваниях глаза нанести небольшое количество мази (полоску длиной около 1 см) в коньюктивальный мешок пораженного глаза (глаз), 2-3 раза в день, либо дополнительно к каплям перед сном. По мере уменьшения воспаления сокращать частоту применения до полного прекращения.
  • При острых инфекционных заболеваниях глаза нанести полоску мази, около1см, в коньюктивальный мешок пораженного глаза (глаз) 3-4 раза в день до улучшения состояния, после чего постепенно уменьшают частоту применения вплоть до полного прекращения приема. Курс лечения составляет 7-10 дней.
Мазь офтальмологическая Тобрекс® применяются у детей (от 1 года и старше) в той же дозировке, что и для взрослых. Не следует прикасаться кончиком тубы к глазам или любой другой поверхности, чтобы избежать загрязнения содержимого тубы. Плотно закрывайте тубу колпачком после каждого применения. В случае совместного применения с другими местными офтальмологическими препаратами, следует соблюсти интервал между применениями, как минимум 10 минут.
  • Күштілігі әлсіз және орташа көздің жұқпалы ауруларында жақпамайдың азғантай мөлшерін (ұзындығы 1 см жуық жолағын) зақымданған көздің коньюктива қалтасына (көздің), күніне 2-3 рет, немесе тамшыдәріге қосымша ұйықтар алдында жағу керек. Қабынудың азаюына қарай қолдану жиілігін толық тоқтатуға дейін біртіндеп азайту керек.
  • Көздің жедел жұқпалы аурулары кезінде жақпамайдың 1 см жуық жолағын зақымданған көздің коньюктива қалтасына (көздің), күніне 3-4 рет жағдай жақсарғанша жағу керек, содан кейін қолдану жиілігін, қабылдауды толық тоқтатуға дейін біртіндеп азайтады. Емдеу курсы 7-10 күнді құрайды.
Тобрекс® офтальмологиялық жақпамайы балаларда (1 жас және одан үлкен) ересектерге арналған дозасында қолданылады. Сықпаның ішіндегісінің ластануын болдырмас үшін, сықпаның ұшын көзге немесе кез-келген басқа беткейлерге тигізбеу керек. Сықпаны әр қолданғаннан кейін тығыз жауып қойыңыз. Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттармен бірге қолданылған жағдайда, қолданулар арасында, кемінде 10 минут аралықты сақтау керек.

Взаимодействие с лекарствами

При применении офтальмологической мази Тобрекс® совместно с системными антибиотиками-аминогликозидами, следует тщательно контролировать их общую концентрацию в плазме.
Тобрекс® офтальмологиялық жақпамайын жүйелік антибиотик-аминогликозидтермен бірге қолданғанда, олардың плазмадағы жалпы концентрациясын мұқият бақылап отыру керек.

Передозировка тобрексом в мази

При местном применении передозировка маловероятна. При случайном приеме внутрь проявление токсичности также маловероятно.

Лечение: при местной передозировке следует промыть глаза обильным количеством теплой воды. При случайном приеме внутрь лечение должно быть симптоматическим и поддерживающим.
Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз. Байқаусызда ішке қабылданған жағдайда уыттылық белгілерінің де ықтималдығы аз.

Емі: жергілікті артық дозалануында көзді мол көлемдегі жылы сумен жуып жіберу керек. Байқаусызда ішке қабылданған жағдайда емдеу симптоматикалық және демеуші сипатта болуы тиіс.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При местном применении офтальмологической мази Тобрекс® системное воздействие тобрамицина незначительно. Тобрамицин выделяется быстро и экстенсивно в мочу путем гломерулярной фильтрации, в основном, как неизмененное лекарство. Т1/2 из плазмы примерно 2 часа с клиренсом 0,04 л/час/кг и объемом распределения 0,26 л/кг. Связывание протеинов плазмы тобрамицином менее, чем 10%. Пероральная биодоступность тобрамицина низкая (< 1%).
Тобрекс® офтальмологиялық жақпамайын жергілікті қолданғанда тобрамициннің жүйелі әсері елеусіз.
Тобрамицин несепке гломерулярлық сүзіліс жолымен, негізінен өзгермеген дәрі ретінде жылдам және қарқынды бөлініп шығады. Плазмадан Т1/2 0,04 л/сағ/кг клиренсімен және 0,26 л/кг таралу көлемімен шамамен 2 сағат. Плазма протеиндерінің тобрамицинмен байланысуы 10%-дан аз. Тобрамициннің пероральді биожетімділігі төмен (< 1%).

Фармакодинамика

Тобрамицин это антибиотик широкого спектра действия из группы аминогликозидов. В низких концентрациях действует бактериостатически (блокирует 30S субъединицу рибосом и нарушает синтез белка), а в более высоких – бактерицидно, нарушая функцию цитоплазмических мембран и вызывая гибель микробной клетки.

Активен в отношении следующих восприимчивых штаммов:

Грамм-положительные
Staphylococcus aureus (Methicillin-чувствительные или -устойчивые*), Staphylococcus epidermidis (Methicillin-чувствительные или -устойчивые*), Другие коагулаза-отрицательные разновидности Staphylococcus, Другие разновидности Streptococcus * Фенотип бета-лактамной (то есть methicillin; penicillin) устойчивости не имеет отношения к фенотипу аминогликозидной устойчивости и оба не имеют отношения к вирулентному и патогенному фенотипу. Большинство метициллин устойчивых стафилококков, устойчивы к тобрамицину (и другим аминогликозидным антибиотикам). Тем не менее, данные устойчивые стафилококковые изоляты (в соответствии с установленными контрольными точками MIC) как правило успешно поддаются лечению местно применяемым тобрамицином.

Грамм-отрицательные
Разновидности Acinetobacter, Разновидности Citrobacter, Разновидности Enterobactеr, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Разновидности Moraxella, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Serratia mercescens.
Тобрамицин бұл аминогликозидтер тобының әсер ету ауқымы кең антибиотигі. Төмен концентрацияларда бактериостатикалық әсер береді (рибосомалардың 30S суббірлігін бөгейді және ақуыз синтезін бұзады), ал жоғарырақ концентрацияларында – цитоплазма жарғақшаларының функциясын бұза отырып және микроб жасушасының өлуін туғыза отырып, бактерицидтік әсер береді. Төмендегі сезімтал штамдарға қатысты белсенді:

Грамм-оң
Staphylococcus aureus (Methicillin-ге сезімтал немесе -төзімді*), Staphylococcus epidermidis (Methicillin- ге сезімтал немесе -төзімді*), Staphylococcus басқа коагулаза-теріс түрлері, Streptococcus басқа түрлері, * Бета-лактамдық төзімділігі бар фенотиптің (яғни methicillin; penicillin) аминогликозидтік төзімділікке ие фенотипке қатысы жоқ және екеуінің де вирулентті және патогенді фенотипке қатысы жоқ. Метициллинге төзімді стафилококтардың көпшілігі тобрамицинге төзімді (және басқа аминогликозидтік антибиотиктерге). Дегенмен, бұл төзімді стафилококк изоляттары (MIC анықталған бақылау нүктелеріне сәйкес) әдетте, жергілікті қолданылатын тобрамицинмен оңай емделеді.

Грамм-теріс
Acinetobacter алуан түрлері, Citrobacter алуан түрлері, Enterobactеr алуан түрлері, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella алуан түрлері, Proteus mirabilis, Pseudomonas aeruginosa, Serratia mercescens

Упаковка и форма выпуска

По 3.5 г препарата помещают в алюминиевую тубу с пластиковым наконечником и навинчиваемой крышкой. По 1 тубе вместе с инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона.
3.5 г препараттан пластик ұштығы және бұралатын қақпағы бар алюминий сықпаға салынған. 1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.